Компания туралы

«Масальский горно-обогатительный комбинат» ЖШС қатты пайдалы қазбаларды барлау, өндіру, қайта өңдеу және сату салаларындағы қызметті жүзеге асыру мақсатында құрылған Қазақстандағы тау-кен активтерінің ұлттық операторы – «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ-ның еншілес компаниясы болып табылады.

Серіктестік «Ақмола облысында «Масальский» кен орны базасында тау-кен металлургиялық кешені құрылысы» жобасын іске асырады. «Масальский» кен орны  Торғай ойпаты мен Қазақ ұсақ шоқылығы шегінде орналасқан Орталық Қазақстанның солтүстік-батыс бөлігіндегі Есіл  (Ишим) деп аталатын аумағында, Есіл-Арқалық тармағы Есіл жанындағы т/ж станциясының шығысына қарай 16 км жерде, Ақмола облысы Жарқайың ауданында орналасқан.

Масальский кен орны 3х3,5км өлшемді Масалы интрузивті алабына ұштастырылған. 2008-12 жылдар аралығында өткізілген барлау жұмыстарының нәтижелері бойынша, кен денесінің пішіні шығыс-оңтүстік-шығысқа бағытталып, орта бөлігі қысылған баған түріне ие. Кен денесінің оңтүстік табанының бетіне шығатын бөлігі дөңгелек пішінді және өлшемі 1,25х1,0 км; солтүстік бөлігіндегі кен денесінің пішіні қосалқы ендік бағытқа қарай созылған және өлшемі 1,0х0,3 км. Оңтүстік және солтүстік бөліктерінің арасындағы мойнақ солтүстік-сотүстік-батыс бағытына қарай созылған және оның өлшемі 0.3х0.2 км.

Кен орнының пайдалы қазбалар қоры JORC жіктемесі және ҚР ҚМК жіктемесі бойынша бағаланған. С1 және С2 санатты кен орнының пайдалану қорының орташа құрамы 15,82% темірден тұрады және 729 155 727 тоннаны құрайды  (ҚР ҚМК 2013 жылғы 02 қыркүйектегі №1327-13-У Хаттамасы бойынша мемлекеттік балансқа қойылған).

ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 04 қазандағы №1137 Қаулысына сәйкес аталған кен орны стратегиялық санатқа жатқызылады, ал оны игеру бойынша жоба Тау-кен металлургиялық өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2014-2018 жылдарға арналған Кешендік жоспарға қосылған.